"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ АУМАҒЫНА ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағына Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Пархатұлы Ниязходжаев жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында басқарма төрағасы А.Т. Кабашев АЭА қызметімен таныстырып, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен және АЭА-ны одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды.

Сонымен қатар, делегация мүшелері АЭА қатысушыларының нысандарына барды: "WestEcoPlast" ЖШС жұмсақ қаптама ыдыстарын – үлкен багтарды өндіру зауыты, "EVEREST TECHNO" ЖШС сорғы штангалары мен муфталарын өндіру зауыты, "Азерсун өндіріс және логистика орталығы" ЖШС жеміс-көкөніс және азық-түлік тауарларын сақтау қоймасы және 2023 жылғы мамырда АЭА құрамына енгізілген Ақтау теңіз сауда порты.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 100